» » Қазақтар туралы фильм түсіріп жүрген танымал қазақ режиссері Иранда қамауға алынды (фото)

Қазақтар туралы фильм түсіріп жүрген танымал қазақ режиссері Иранда қамауға алынды (фото)


Қазақстандық деректі фильмдер режиссері, сценарийші әрі оператор Қанат Бейсекеев Иранда қамауға алынды. Бұл туралы оның PR-маманы Әлішер Елікбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Иран полициясы Қанат Бейсекеевті қамауға алды», – дейді Елікбев.
Сонымен қатар ол режиссердің түсірілім жұмыстарына қажет құрылғылары тәркіленгенін айтты.
Бейсекеевтің желідегі парақшасына қарағанда, ол Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жүрген.

Бұған дейін режиссер осы мақсатта Моңғолияда, Өзбекстанда болған еді.

Айта кетсек, Қанат Бейсекеев – деректі фильмдер түсіретін қазақстандық режиссер, сценарийші, оператор. Оның туындыларының қатарында америкалықтар асырап алған қазақстандық балалар туралы «Бала», аяғынан айырылған қазақстандық биші турал «Билегім келеді» фильмдері бар.


http://stan.kz
22 маусым 2018 ж. 887 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930