Тест орталығының басшысы 140 балл жинаған алматылық оқушыға iPhone телефонын сатып алды
Ұлттық тестілеу ортылығының басшысы Рамазан Әлімқұлов максималды балл алған алматылық түлекке iPhone телефонын сатып алды. Осылайша айтқан уәдесін орындады.
Әлімқұлов ең бірінші болып макисмалды балл алған түлекке iPhone телефонын сыйға тартуға уәде берген болатын, деп хабарлайды Sputnik.
Айта кетейік, Алматыда Шиара Құдайбегенова есімді түлек 140 балл алған болатын.
«Биылғы жылы ең жоғарғы деңгейдегі жоспар орындалды. Мен уәдемде тұрып, телефон алып қойдым. Енді онымен кездесіп, қолына табыстаймын», – дейді Рамазан Әлімқұлов.
Егер оқушы қыз Астанаға арнайы конференцияға келе алмаса, сыйлықты тест орталығының қызметкерлері арқылы беріп жібереді.
«Шиараға табыс тілеймін. Үлкен өмірге қадам басуда. Жақсы маманықты таңдап, білімді маман болуына тілектеспін. Білімі мен тәжірибесі елімізге пайдасын тигізсін», – деді тест орталығының басшысы.
Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда орташа бал 2,5 баллға жоғары. Былтыр орташа балл 80,5 балл болса, биыл 83 балл.
ҰБТ елімізде 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтіп жатыр.
http://stan.kz