» » Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтері орналасқан Хофбург конгресс-орталығында Астананың 20-жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Астананың көпжақты дипломатия мен бітімгершіліктің ірі халықаралық орталығына айналғанын атап өтті. Осы орайда, 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің «еркін, демократиялық, ортақ және бөлінбес еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын» қалыптастыру қағидатына мүдделілігін білдірген ЕҚЫҰ тарихи саммитінің рөлін атап өтті.
Қазақстандық дипломат «Еуразия жүрегіндегі заманауи, қарқынды дамып келе жатқан қала бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуды нығайтуда алдағы уақытта да үлкен рөл атқарады», – деп мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі тарапынан дайындалған экспозиция қонақтарды бас қаланың архитектуралық, мәдени және спорт объектілерімен қатар, Астанада өткен ірі және маңызды халықаралық іс-шараларымен таныстырды. Оған қоса, Астана мерейтойына орай ҚР Сыртқы істер министрлігі дайындаған қаланың қалыптасуы мен дамуы туралы «Астана – бейбітшілік қаласы» атты арнайы видеотаспа көрсетілді.
Фотокөрмеге ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер, Тұрақты Өкілдер, Ұйымға қатысушы-мемлекеттер мен ынтымақтастық бойынша серіктес мемлекеттердің өкілдері және ЕҚЫҰ атқарушы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ гендерлік қаржыландыру бойынша оқу семинарына қатысу мақсатында Аустрияға іс-сапармен келген делегация мүшелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары Елена Тарасенко мен Ляззат Сүлеймен де көрменің ашылуына қатысты.
Аталған фотокөрме Астана мерейтойын атап өту шеңберіндегі Аустриядағы мерекелік жобалар легінің бірі болды.
Сол күні ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңес отырысы барысында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо «Қазақстан 2050 стратегиясы», «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларында алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға қолғабыс көрсететінін және ЕҚЫҰ өкілдігі өз жұмысын соған қарай негіздегенін хабарлады.
Д.Сабо ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің 2017 жылдың шілдесінен бастап 2018 жылдың маусымына дейін Қазақстанның бірсыпыра қалалары мен өңірлерінде қауіпсіздік, экономика, экология және адам құқықтары мен бостандықтары іспеттес салаларда іс-шаралар өткізгенін айтты.
Тұрақты Кеңес отырысы барысында Қазақстан Тұрақты Өкілі қарымта баяндамасында ЕҚЫҰ өкілдігінің жұмысына оң баға беріп, бағдарламалық жобалардың санынан бұрын сапасына назар аударуға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ өкілдігінің жұмысын заман талабына сай әрі ЕҚЫҰ Астана Саммиті барысында алға қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.



http://www.syrboyi.kz
26 маусым 2018 ж. 692 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031