ПОЛИЦЕЙДІ АРҚАДАН ТЕБУДІҢ АҚЫРЫ немесе қызға қол көтеру қанымызда жоқ еді...
Расы керек, бүгінгі таңда тәртіп сақшылары мен қарапайым халықтың арасы тым алшақтап кеткендей. Пәрмені мықты полицейді көрген жұрттың көпшілігі өзіне қорған болар мемлекеттік қызметкерді емес, әзірейіл көргендей шошынады. Өйткені, халық арасында “шен таққандар тырнақ астынан кір іздеп жүреді” деген көзқарас қалыптасқан. Әрине, бес саусақ бірдей емес, қызметіне адал, ардан аттамайтын тәртіп сақшылары бар. Жұрттың қарғысын емес, алғысын жинап жүрген олардың ерен еңбектері қай кезде де құрметтеуге лайық. Сөз басын алшақтық жөнінде бастап едік қой. Оның себебі неде? Аз-кем сұраққа жауап іздеп көрелік. Қазір қандай да бір әкімшілік құқық бұзушылық жасасаңыз, айыппұлдың қыл арқаны мойныңызға ілінеді. Тәртіп орнату үшін бұл міндетті түрде керек, әрине. Десе де кейде полицей мырзалардың көрсеткіш үшін “шаш ал десе, бас алатыны” бар. Яғни, заң бұзғанына шынайы өкініп, келесіде қайталамауға уәде беріп, жалынып-жалпайғаныңда жүрегі жібімейді. Мұндайда кейбірі “қыстыратыныңды” дайындап, сөзден іске көшкеніңді тәуір көреді. Ал, енді осы екі жағдайдағы полицейдің әрекеті қаншалықты дұрыс, қаншалықты бұрыс?
Біз тәртіп сақшыларының шектен тыс мейірбан болуын талап етіп отырғанымыз жоқ. Адам заңды екі жағдайда бұзады: абайсызда жасайды немесе қасақана істейді. Әңгіме біріншіге қатысты болып отыр. Құқық қорғау орындарында қызмет жасап, құрметті зейнет демалысына шыққан, жасы үлкен ардагер ағаларымызды білеміз. Солардың өзі қазіргі кездегі ізбасарларынан кәдімгідей түңіліп кеткен. Яғни, халыққа қызмет жасауды олар халыққа қиянат жасаумен шатастырып алғанын айтады. Қазақшалағанда, шеттерінен билік қысып бара жатыр. Қарапайым адамға шекесінен қарайды, өктем сөйлейді, жұрттың бәрін құрдай жорғалатқысы келеді. Жасамаған қылмысты жасатып, қан қақсатады. Пара бермеген жанның өмірін тозаққа айналдырудан тайынбайды, т.с.с. Мемлекеттік қызметкердің сиқы – осы. Бұған дәлел іздеп шала бүлінудің қажеті жоқ, күнделікті өмірден жағамызды ұстап көріп жүрміз. Біздіңше, алшақтықтың, халық пікірінің теріс болуының бір себебі осында.
Енді біреулер қасақана заң бұзады. Бірақ, “тәйт” деп жатқан біреуді көрмейсің. Өйткені, тіреп тұрған “көкелері” бар. Сондықтан да, оларға келгенде полицейлер қойдан жуас мінез танытады. Тауық ұрлағанды итжеккенге айдайтындар “көкесі” барлардың адам өлтіргеніне де кешіріммен қарайды, қысқасы. Аяқ астынан жүректері жібіп, адамгершіліктері оянып кететін болса керек. Мұндайда, керісінше “шаш ал десе, баса алатын” қасиетті ояту керек емес пе?!. Осыны көз алдында көріп отырған жұрттың пікірі қалай өрбитінін ішіңіз сезіп отырған шығар.
Құрметті оқырман, біз көпке топырақ шашқалы отырғанымыз жоқ. Әйткенмен, “бір қарын майды бір құмалақ шірітетінін” естен шығармауымыз керек. Кез-келген маманды мемлекеттік қызметке аларда оның сол лауазымға қаншалықты лайықты екендігін жіті зерттеп-зерделеп алған жөн дегенді айтқымыз келеді қорытқанда.
Қош, ендігі әңгіме ауанын тақырыпқа ойыстырайық.
Өткен сәуір айының 4-і күні аудан орталығындағы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” ғимаратының алдында адам айтса сенгісіз оқиға орын алды. Анығын айтқанда, сол күні түскі сағат 12-ден өте аудандық ішкі істер бөлімінің полиция инспекторы М.Қожамұратованы Б.Ш. деген азамат соққының астына алған. Арқасынан теуіп, қызметтік киімінің жағасынан ұстап жұлқылап, көйлегінің түймелерін үзген. Нәтижесінде, инспектор жеңіл дене жарақатын алыпты. 30 мамыр күнгі судья А.Мизанбаев шығарған үкімге назар салсақ, оқиға былай өрбіген. Яғни, азамат Б.Ш. қоғамдық орында балағат сөздер айтып, жұрттың тыныштығын бұзатын әрекеттерге жол береді. Оның үстіне құқық бұзушы сол мезетте масаң күйде болыпты. Мұны көрген соң инспектор М.Қожамұратова жүгенсіз кеткен Б.Ш.-ны тәртіпке шақырады. Полицейдің мұнысына жауап ретінде Б.Ш. жоғарыдағыдай әрекетке барған. Оны тоқтатуға полиция инспекторлары Н.Жолдас пен Ғ.Амандулла көмекке келіп, әйтеуір, М.Қожамұратова жеңіл жарақатпен құтылыпты.
Сонымен, полицейді сабаған сабазға қандай үкім кесілді? Судья А.Мизанбаев құқық бұзушыны ҚР Кодексінің 380-бабаның 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына 240 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Қазақ әйел адамға қол көтермеген. Нәзік жандыларға жұдырық ала жүгіруді ерлеріміз намыс көреді. Сонда дейміз-ау, жоғарыдағы арқадан тебудің астарында не бар? Қызметте жүрген қаракөз қарындастың жағасына жармасатындай басымызға нендей күн туыпты! Бала-шағасы бар, 24-тегі тепсе темір үзетін жігітті қанша жерден мас дегенімізбен мұнысы несі?! Әлде, жоғарыда айтып өткендей полицей мен халық арасындағы алшақтықтың бір көрінісі ме? Қалай десек те, жақсылықтың нышаны емес.
Айтқандай, Б.Ш.-ға қатысты шығарылған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Н.ТАСТЕМІР.