» » Қызылордада шыны зауытының бір бөлігі Қытай компаниясының қолына өтті

Қызылордада шыны зауытының бір бөлігі Қытай компаниясының қолына өтті


Қызылордада шыны зауытының 70 пайыз акциясы «Айэрпи компани» ЖШС қытайлықтарға сатты.

Бұған жергілікті тұрғындар наразылық білдіруде. Жұрт компанияның жартысынан көбі шетелдіктерге өткендіктен ондағы жұмысшыларды да шетелдік азаматтардан алады деп наразы, деп хабарлайды 31 арна.
«Шыны зауытты осы қазақтың өзінің игілігіне беру керек қой. Қаншама халық еңбек қылады. Соның нәтижесін көру үшін», – дейді қала тұрғыны Ермахан Манат.
Тапсырыс беруші мекеме мұның комерциялық құпия екенін айтып, пікір білдірген жоқ.
««ОРДА Глас» басшылығы қала тұрғындарымен жұмысқа қабылдау мақсатында әңгімелесу процесін бастады. Кейін оларды алдағы уақытта басқа зауыттарда оқытуды мақсат қойып отырмыз», – дейді Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқарамасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Алайда әкімдіктегілер зауытқа жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасады деп сендіруде.  Бұл зауыттың құрылысына бөлінген 1 млрд теңгенің сыбайластарыен жымқырды деп Қуандық Бишімбаев айыпталған еді. Сол себепті белгіленген уақытта ашылмаған зауыт құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталуы керек.



http://stan.kz

04 шілде 2018 ж. 747 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031