» » ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІКТЕРІ

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІКТЕРІ


Елбасының биылғы Жолдауында әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең де қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқаны айтылған. Болашақты бағдарлаған құжатта ел дамуына серпін беретін он міндет көрсетілген. 

Оның алғашқысы индустрияландырумен байланысты болып отыр. Ал, мұның аймақтағы ахуалы жөнінде не айтуға болады?
Жасыратыны жоқ, соңғы бес жылда өңір экономикасында тың өзгерістер пайда болды. Әсіресе, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жаңа серпін берді. Басқарма берген деректе бұл бағдарлама аясында аймақта 20 жоба жүзеге асса, оның 16-сы толық қуаттылығында жұмыс жасап отырғаны айтылады.
– Жүзеге асырылған жобалардың сапасын арттыру мақсатында тиімсіз және экспорттық әлеуеті төмен, бәсекеге қабілетсіз жобалар Индустрияландыру картасынан алынып тасталды. Қалған жобалар бойынша нақты жұмыс атқарылуда. Мәселен, биыл облыста үш тотықты молибден шығаратын кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Өнім экспортының негізгі көлемі Жапонияның үлесінде болады. Мамандар осы жылдың шілде айында шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отыр. Сондай-ақ, құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеңінен қолданылатын тампонажды цемент шығаратын зауытты да  іске қосу жос¬парда бар. Қазір Шиелі ауданында аталған зауыттың құрылысы жүруде, – дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Облыста бұдан да басқа бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. Британдық инвесторлармен бірлесіп «Баласауысқандық» ванадий кен орнында қара тақта тасты автоклавта өңдейтін жоба да қолға алынған. Қазірдің өзінде Тайваньға 100 тоннадан аса аммоний метаванадаты экспортталды. Бұдан бөлек, Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыс жасалуда. Өткен жылы  түркиялық «Yıldızlar SSS Holding» компаниясымен бірлесіп, аймақта 2 ірі нысан құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Керамикалық тақта шығаратын зауыт осы өнімді жасайтын Қазақстандағы ірі өндіріс орны болады деп күтілуде. Ал, газ-поршеньді электр станциясының іске қосылуы электрмен қамтамасыз етуді жақсартып, аймақта өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді.
Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен газтурбиналық электрстанциясының құрылысы жүруде. 2019 жылдан бастап тау-кен байыту комбинаты 2 млн тонна, ал, 2020 жылға қарай 4 млн тонна кен өңдейтін болады. Комбинаттың іске қосылуы 1500 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, гидрометаллургиялық зауыт құрылысы жобасын дайындау ісі де қолға алынды.
Осы ретте индустриялық аймақтар да облыс экономикасының дамуына серпін беретінін айтып өткен дұрыс. Облыстағы индустриялық аймақтың көлемі 940,9 гектарды құрайды. Аталған аймақ үшін Қызылорда қаласынан 760 гектар жер телімі бөлінген. Аудандар ішінде индустриялық аймақтың  үлкені Шиеліде екенін атап өткен жөн. Ол 96 гектар алқапты алып жатыр. Мұндай аймаққа Аралда – 10, Қазалыда – 12,7, Қармақшыда – 15, Жалағашта – 22, Сырдарияда – 20, Жаңақорғанда 5,2 гектар жер берілген. Жоғарыдағы жобалардың бірқатары осы индустриялық аймақтарда орналасқан.
Қызылордада әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында атқарылған  бұдан да басқа тірліктер жетіп артылады. Құрылыс қарқын алды. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы көптеп салынып, өңіріміз республикадағы көшбасшылар қатарына қосылды. Жуырда Сыр өңірінің делегациясы Татарстан және Қытай елдеріне жұмыс сапарымен барды. Қазан қаласындағы сапарда Қызылорда облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасы арасында ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, өндіріс, денсаулық сақтау және білім саласында тәжірибе алмасу мақсатында келіс¬сөздер жүргізілді. Татарстан Республикасы бүгінде ақпараттық және сандық технологиялар дәуірінде осы бағыт бойынша тек ресейлік қана емес, пост¬кеңестік елдер ішіндегі көшбасшы болып табылады. Мұнда ноу-хау жаңа¬лықтардың көптігінен ІТ-мамандар дайындайтын Иннополис айрықша эконо¬микалық аймағы орналасқан. Болашақта Сыр жастары осында оқып, білім алуы үшін арнайы гранттар тағайындау көзделген. Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында сол елдің есебінен 452 қызылордалық жас жаңа технология бойынша білім алуда. Олар облыс экономикасына сандық технологияны енгізуде, индустрия мен инновация бойынша жұмыс жасауда алғы шепте болары сөзсіз. Сондай-ақ, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті биылдан бастап физика-математика және механика-математикалық мамандықтар бойынша Сыр бойының түлектеріне 20 грант бөліп отыр.
Көршілес Қытайға барғанда облыс делегациясы Бейжің, Шанхай, Шеньчжень қалаларында болып, ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Бағдарлама аясында ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, әріптестік жөнінде келіссөз жүргізді. Мұның барлығы Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың нақты көріністері екені айқын. Ең бастысы, атқарылып жатқан жұмыс бүгінгінің ғана еншісінде емес, келе¬шекте де өз жемісін беретіні сөзсіз. Өйткені, Қызылорда облысында бәсекеге бейімділіктің, нарықтық экономикаға батыл икемділіктің еңбек ырғағы бар.

Әзиз БАТЫРБЕКОВ,
«Сыр бойы».

15 ақпан 2018 ж. 1 239 1

Гость Jeaplause от 4 ақпан 2019 23:42
Veterinary Amoxicillin 250mg 5ml Buy Propecia In The Uk viagra online pharmacy Viagra With Dapoxetine Reviews Cialis 5 Mg Precio Vademecum Lasixonline Vermox Otc Or Rx cialis 20mg price at walmart Is Amoxicillin The Same As Penicilin Cialis Para Mujeres Order Levitra Without A Prescription Viagra Sin Receta En Farmacias Chile viagra Levitra Vancouver Canadian Cheap Meds Penicillin Versus Amoxicillin Kamagra Es De Venta Libre Cialis Generico Espana Contrareembolso Cialis O Viagra Cual Comprar priligy que es Propecia Reversible Buy Now Acticin Website Ups

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930