ЖАЛАҒАШТЫҚТАРДЫ ҚУАНТҚАН ЖАҢАЛЫҚ
Сыр өлкесі ежелден-ақ еңбекпен даңқы шыққан мекен. Соның дәлелі, соңғы үш жылда күріш өндіруден рекордтық көрсеткіш орнатты. Айталық, биыл аймақтағы басты дақыл – Сыр күрішінен тарихта бұрын-соңды болмаған өнім өндіріліп, 500 мың тонна Сыр салысы жиналды. Яғни, Отан қоймасына құйылған алтын астықтың үштен бір бөлігін өңіріміздің диқандары өндірген.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру жиынынан аңғарғанымыздай, алдағы уақытта да бұл салада ауқымды жобалар қолға алынбақ. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бойынша кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету бағытында экспортқа лайық агроөнеркәсіп кешені тауарларының түрін, оның ішінде, өңдеу кәсіпорындарының өнімдерін арттыру бағытында нақты шаралар қабылданып отыр. Сол сияқты асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту, бұл орайда салада өндірілетін өнімнің көлемін және сапасын арттыруды субсидиялау жұмыстары жүйелі жалғасын табады. Биыл аймағымызда «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланып, бұл мақсатта сала жұмысына серпін беретін көптеген жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Сондай-ақ, биыл аймақтық даму жоспары бойынша тіректі елді мекен санатындағы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клуб және спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп, аудандық орталық аурухананың, М.Шәменов ауылындағы №34 орта мектептің құрылысы басталады деп күтілуде. Сонымен қатар, жалағаштықтарды айрықша қуантқан жаңалық – алдағы жылы аудан орталығын газдандыру жұмыстары қолға алынғалы отыр. Осының барлығы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жыл санап жақсарып келе жатқанындығының айғағы.
Иә, бұл айтып өткеніміз, аймақ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана, ал алдағы уақыттың еншісінде қаншама ауқымды тірліктер бар?! Біздің тілек, жемісті қадам жалғасын тапсын!

Байна НАРШАЕВ,
Жалағаш ауданының Құрметті азаматы.
Жалағаш ауданының Құрметті азаматы.