Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады
8 шілде күні күндіз «Прогресс МС-09» көліктік жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңына шығарылып, орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 9 шілде күні Байқоңырда ғарыштық мақсаттағы «Союз-2.1а» ракетасына отын компоненттерін құюға және оны ұшыруға рұқсат беру мәселесі қаралатын мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Бұл туралы Ресей ғарыш агенттігінен мәлім етті. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылым 10 шілде Астана уақытымен сағат 03.51-ге белгіленген. Хабарланғандай, «Прогресс МС-09» ғарыштық жүк кемесін ұшырылымға дайындау және оны ұшыру сәттері Ресей ғарыш агенттігінің сайтында және оның ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей жүргізіледі. Онлайн ұшырылымға екі сағат қалғанда басталады. Көліктік жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына қажетті жүктерді және орбитада жұмыс істеп жатқан екі экспедицияға тіршілікке қажетті заттарды жеткізеді.