» » 800 қазақстандық азамат қымбат көлігінен айырылды

800 қазақстандық азамат қымбат көлігінен айырылды


Жүздеген қазақстандық азамат көлік дауын шеше алар емес, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Астана қаласының мемлекеттік кіріс жөніндегі департамент қызметкерлері ондаған көлікті уақытша сақтау қоймасына жіберді. Өзге жүргізушілердің көлігіне тыйым салды.
3 жыл бұрын Ресей арқылы Монғолиядан автокранмен әкелінген көліктердің елімізде кедендік салығы төленбеген болып шықты. Ал, көлік иелері керісінше баяндайды.
Сатып алған кезде барлық көлік қазақстандық нөмірмен және жергілікті техникалық паспортпен болған. Ал, бұрынғы өткенін арнайы ХҚКО-да тексерген.
Қымбат көлік иелері көлігіне бір сәтте айырылды. Енді жүргізушілер әділеттік іздеп Бас прокуратура алдына келді. Егер 3 жыл бұрын кедендік талапты бұзған болса, онда Қазақстанға көліктер қалай кірді деп отыр.
«Менің кінәм жоқ. Оны Монғолиядан ұрлаған жоқпын», – дейді Астана тұрғыны Марат Нұрмұхамбет.
Ол джип көлігін 7 мың жарым миллион теңгеге алған. Екі жылдан кейін көліктің дауы басталған. Көліктің декларацияға сәйкес тек бір жылға өткізілгені белгілі болған. Бірақ көлікті бінеше рет сатып үлгеріпті.
«Есепте тұрды. Алматылық серия болды. Есептен Алматыда шығардық. Құжатты менің атыма жаздық. Бәрі таза болды. Екі сағатта рәсімдедік. Ал кеден қызметкерлерінің қайда қарағанын, елге қалай өткенін білмеймін», – дейді тұрғын.
Марат секілді 800 адам көлігінен осылай айырылып отыр.
«Бір ғана жолы – ақысын төлеп өзін осыған дейін алдаған тұтынушылардан талап ету керек. Сот органдарына шағымдану керек. Егер біздің айтқанымызбен келіспесе, нүктені сот қояды», – дейді қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитететінің төрағасы Госман Амрин.





Stan.kz
17 шілде 2018 ж. 570 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930