Қазақстандық футболшы өзінің 6 ай өмірі қалғанын айтып, көпшілікпен қоштасты
«Тобыл», «Ақтөбе» және Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев өзінің жарты жыл ғана өмірі қалғанын айтты.
44 жастағы Андрей Морев желідегі парақшасында дәрігерлердің өзіне өкпенің қатерлі ісігі диагнозын қойғанын айтты.
«Достар, менің ұзақ дегенде 6 ай ғана өмірім қалды. Өкпенің қатерлі ісігі. Қателерім бола, кешіріңдер. «Ақтөбе» сен менің ең үздік клубымсың. Қош бол! Өлгім келмейді. Бірақ, бұл өмір», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары мұны әзіл емес пе деп сұрады.
«Достар, ешқандай әзіл емес, өзім де таңғалып тұрмын. Менде дерттің екінші деңгейі екен», – деп жазады Андрей Морев.
Андрей Морев Ленинск-Кузнецкте «Заре» атынан мансабын бастады. Кейін «Ертісте» 7 матч ойнады. 1999 жыл Қазақстанға келіп, «Жеңіспен» келісім жасады. Келесі маусымды «Ақмолда» жалғастырды. Ресейге ауысып, «Локомотив» атынан 3 жыл ойнады. 2004 жылы Қазақстанға қайта келіп, мансабының соңына дейін ойнады.
2007 жылы екі рет чемпион болған «Ақтөбе» сапында ойнады. Қазақстан құрамасына шақырту алып, ол құрамда екі матч өткізді.
Stan.kz

Пікір 2