» » Денис Тенді жерлеу рәсімін билік өз мойнына алды

Денис Тенді жерлеу рәсімін билік өз мойнына алды


Қазақстанның танымал спортшысы Денис Теннің жерлеу рәсімін ел билігі өз мойнына алды. Мәдениет және спорт министрлігі мен қала әкімдігінің күшімен марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтетін болады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы әкімідігімен біріге отырып Денис Теннің ата-анасына көңіл айту үшін барады. Оның жерлеу рәсімін министрлік пен әкімдік ұйымдастырады», – делінеді Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар спортшының қашан және қайда жерленетіні ертең белгілі болады.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмды жерлеу рәсімі 21 шілдеде өтуі мүмкін.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.



Stan.kz
20 шілде 2018 ж. 1 339 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930