» » Қазақстанның нағыз патриоты еді: Назарбаев Денис Теннің отбасына көңіл айтты

Қазақстанның нағыз патриоты еді: Назарбаев Денис Теннің отбасына көңіл айтты


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің қазасына байланысты, оның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
«Қазақстанның белгілі спортшысы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Юрьевич Теннің қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қазаға байланысты көңіл айтамын.
Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосты. Оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізді», – делінеді көңіл айту жеделхатында.
Сондай-ақ, Елбасы спортшының Қазақстанның нағыз патриоты болғанын айтты.
«Таланты әлемнің көптеген елдерінде мойындалған Денис даңқты спортшы ғана емес, сондай-ақ бітімі ерекше тұлға, Қазақстанның нағыз патриоты еді.
Денис Юрьевич Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінеді жеделхатта.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.



Stan.kz
20 шілде 2018 ж. 1 024 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930