Денис Тенге шабуыл жасаған күдіктінің ата-анасы ұлдары үшін кешірім сұрауда
Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис Тенге шабуыл жасаған күдікті Нұрәлі Қиясовтың ата-анасы бұл қылмысты басқа біреулер жасауы мүмкін деген ойда. Ұлдарының кінәсіз екеніне сенім білдірген ата-ана қазақтың маңдайына сыймай кеткен жалғыз мәнерлеп сырғанаушының қазасына қайғырып көңіл айтып, кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Менің ұлым Нұрәлінің кінәсі жоқ деп ойлаймын. Өйткені камерада да тек екі жігіттің өтіп бара жатқаны көрсетілген. Бұл қылмысты басқа біреулер жасап, бұларға мойындатып отыр деп ойлаймыз»,- дейді Денис Тенді өлтірді деген бірінші күдікті Нұрәлінің ата-анасы.Нұрәлі Қиясовтың ата-анасы Қазақстан халқы ғана емес, бүкіл әлем үлгі етіп құрмет тұтқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ұлдарының шабуыл жасауы мүмкін емес дейді. Қазаға көңіл айтқан ата-ана ұлдары үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
«Ата-анасы қайғырып көңіл айтамыз, қайғыларыңызға ортақпыз. Бірақ, бұл жерде менің Нұрәлім кінәлі емес деп ойлаймын. Ол мұндайға бармайтын жуас, момын бала. Балам үшін мен кешірім сұраймын, оны кешіріңіздер»,-дейді Нұрәлінің жақындары.
Stan.kz