Әлі тілі шықпаған баланың қай жері ауырғанын қалай білуге болады?
Әлі тілі шықпаған баланың нақты қай жері ауырып тұрғанын білу өте қиын. Дерті жанына батып, тоқтаусыз жылаған сәтте сәбидің ауруын қалай анықтауға болады? Пайдалы кеңестердіantibiotic.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ұсынады.
Егер баланың басы ауырса, ол анасына жабыса түседі. Сондай-ақ ол ашуланып, басын ұстауы да мүмкін. Мұндай сәтте дереу баланың дене қызуын өлшеңіз.
Ал баланың тамағы қызарса, ол қарны аш болса да тамақтанудан бас тартады. Бірақ анасының омырауына жабысып, тамақтанғысы келгенін байқатады. Дәрігерге жазылып қойсаңыз, балаға үйден шықпай тұрып жылы су немесе жылы шәй беріңіз.
Егер балаңыз жарыққа қарай алмаса немесе сіз пердені ашқанда көзін толық аша алмай отырса, мән бергеніңіз жөн. Баланың көзінің айналасында былшық жиналмағанын бақылаңыз! Бұл көз ауруларының алғашқы белгілері болуы ықтимал.
Тіс ауруы
Егер кішкентайыңыз қолын аузына салып, тоқтамай жыласа мұны назардан тыс қалдырмаңыз. Баланың қызыл иегін тексеріп, ылғал дәкемен жүргізіп шығыңыз.
Балаңыздың құлағы ауырса, ол оны алақандарымен жабуға тырысады. Сондай-ақ сәбиіңіз әлсізденіп, тек жата беретін болады. Мұндай жағдайда балаңыздың құлағына жылы сүлгі басыңыз. Сонымен қатар, құлағына комфорный маймен де уқаласаңыз болады. Бірақ бұл кеңестерді жүзеге асырмай тұрып, дәрігермен ақылдасқаныңыз жөн.