Қатты таңғалдым: Заңгер Джохар Өтебеков Денис Теннің өліміне сот жүйесі кінәлі екенін айтты
Джохар Өтебековтің айтунша, Денис Теннің өліміне сот жүйесі де кінәлі.
Полицейлердің мәліметінше, Дениске күдікті Құдайбергенов 2 рет пышақ сұққан. Ол бұған дейін де ұрлық ісі бойынша сотталған. Құдайбергеновке 2013 жылы шыққан сот үкімін естіп қатты таңғалдым. 5 жыл бұрын Құдайбергенов Байқоңырда жас жігіттің телефонын ұрлап алған. Жігітті өлімші етіп ұрып тастаған.Сот-медициналық тексеру жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр деңгейде зақым келгенін жазады. (Негізінде бастың жарақат алғаны ауыр деңгейге жатады).
Орташа ауыр деңгейде зақым келгеннің өзінде 100 % қарақшылық екенін білдіреді. Қылмыстық кодекстің жеңіл жазасын қояды. Тіпті, жеңіл зақым келгеннін өзінде мұндай іс тонау емес, қарақшылық ретінде қаралады.
Топтық қарақшылыққа 5 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындайды. Бірақ Қызылордада олай емес секілді. Ол жақта іс ювеналды сотқа Айбек Әбу есімді сот төрешісіне жіберілген.
Әбу істі тонаушылық деп танып, Құдайбергеновті бостандыққа жіберген.
Біреудің басын жарақаттап, телефонын алып кеткен қарақшы бір жылға ғана бас бостандығына шектеу алған. Әбу олай етпегенде Дениске шабуылдаған ұры 6 жылға сотталатын еді.
Енді Әбу қайда деп ойлайсыздар? Дұрыс. Сотта ақылдыларды бағалайды. Осындай кәсібилігі үшін Әбудің лауазымын жоғарылатты. Ол Қызылорда қалалық екінші сотының төраасы болды. Ал Денис енді жоқ», – деп жазаы заңгер парақшасында.
Stan.kz
Пікір 2