» » Полиция Денис Тенді өлтірген екінші күдіктіні іздеуде

Полиция Денис Тенді өлтірген екінші күдіктіні іздеуде


Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен барлық қызметкерлер және  аумақтық ішкі істер бөлімдерінің басқа күштері Денис Теннің өліміне кінәлі екінші күдіктіні іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп.

Полиция қызметкерлері Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні, яғни 1994 жылы 23 желтоқсанда туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновді іздестіріп жатыр.
Бойының ұзындығы 165-170 сантиметр болатын күдікті арық денелі келген. Қылмыс жасаған күні ол қара түсті футболка мен сұр джинсы және қара аяқ киімде болған. Сондай-ақ, ол күннен қорғайтын көзілдірік киген.
Айта кетейік, қылмыстық істі тергеу үшін тәжірибелі тергеушілерден тергеу тобы құрылған болатын. Тергеу тобын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Жанат Сүлейменов басқарды.
Естеріңізде болса, қазақстандық спортшының өліміне кінәлі күдіктілердің бірі бүгін қолға түсті. Ол 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы Қиясов Нұралы. Денис Тенге шабуыл жасаған қылмыскер өзінің жасаған қылмысын толық мойындады.
Қазіргі уақытта полиция екінші қылмыскерді ұстау үшін іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.




Stan.kz


20 шілде 2018 ж. 921 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930