» » Денис Теннің өлімінен кейін алматылық полицейлердің жалақысын көтеру ұсынылды

Денис Теннің өлімінен кейін алматылық полицейлердің жалақысын көтеру ұсынылды


Алматы қаласында өткен қоғамдық кеңес отырысында Денис Теннің өлімінен кейін полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы ұсыныс тасталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Алматы қаласының қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі Әлібек Шәпенов қала тұрғындарының қауіпсіздігіне арналған жиналыста құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы төмен деген болжам жасады. Оның айтуынша, айына 120 мың теңгеге жуық жалақы алатын полицейлердің қылмысты ашуға ынтасы жоқ.
«Қазір полицияда жұмыс көп. Демалыссыз, мереке күндері алаңдарда қызмет бабымен жүрген полицейлерді көреміз. Сонымен бірге, бұл қызмет үшін оларға аз жалақы төленеді. Тергеушілер шамамен 120 мың теңге айлық алады. Ал, оның өз кезегінде отбасы бар. Сондықтан, полиция қызметкерлері лайықты жалақы алу үшін әлеуметтік пакетті қарап шығу қажет», – деді Әлібек Шәпенов.
Айта кетейік, Денис Теннің қазасынан кейін полицияның жұмысыАлматының қоғамдық кеңесінде қаралды. Сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар барысында Қазақстанда ұрлық пен алаяқтықтың кәсіпке айналғаны жайлы айтылды.


Stan.kz
23 шілде 2018 ж. 694 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930