» » Қазақстанда 288 қауіпті сайт анықталды

Қазақстанда 288 қауіпті сайт анықталды

ÐомпÑÑÑеÑ

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі интернет қолданушыларының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін 288 сайттың анықталғанын мәлімдеді. 

Ведомство Қазақ торап ақпарат орталығына тиісті шараларды қолдануы жайлы тапсырма берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз орталығы хабарлады.

Көрсетілген сайттарда қауіпті бағдарламаның таратылуы, қолданушылардың жеке мәліметтерін бұзып кіру фактілері, сонымен қатар фишинг (алдау арқылы қажетті ақпараттарды алу) әдістерінің қолданылғаны анықталған.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бұл фактілерді KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығынан алған.
Сонымен қатар Қазнетте 124 домендік атаудың қызметі тоқтатылғаны мәлім болды.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті интернет қолданушыларына компьютерлерін, басқа ресурстардан жүктеген кез келген файлды антивирус құралдары арқылы тексеруге кеңес береді. Сонымен бірге қауіпті бағдарламалардан сақ болу мақсатында компьютердің бағдарламалық жасақтамасын үнемі жаңартып отыру керек екенін ескертеді.

baribar.kz

24 шілде 2018 ж. 632 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930