» » «АТАУЛАР СЫР ШЕРТЕДІ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«АТАУЛАР СЫР ШЕРТЕДІ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ



Ұшы-қиырсыз ұлы даланың тау мен тасында, тіпті әр төбе мен қырдың, жердің атауында айтылмаған сыр жатыр. Міне, осыны ескерген «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры «Атаулар сыр шертеді» тақырыбындағы үздік пост және «Қазақстанның табиғаты» тақырыбында үздік фото және бейнематериалдар байқауын жариялады. Бүгін мәресіне жеткен байқаудың Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жариялаған «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында өткенін де айта кеткен жөн.
«Қазақстанның табиғаты» тақырыбындағы үздік фото және бейнематериалдар байқауының мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» саласы бойынша берілген тапсырмасын, яғни туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Қазақстанның табиғатын насихаттау, жас ұрпақтың бойына Отанға, атамекенге деген патриоттық сезімдерін арттыру болса, «Атаулар сыр шертеді» байқауы Қызылорда облысындағы жер-су атауларының байырғы және қазіргі атауларына зерттеу жасау, жастарға туған өлкенің тарихы мен дәстүрін насихаттауды өз алдына мақсат еткен болатын.
Үздік пост байқауына келіп түскен материалдарға филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов, блогер Фархат Әбжаппаров, облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Жетпісбаев, Қызылорда облыстық «Kyzylorda-News» интернет газетінің бас редакторы Дәуіржан Елубаев, «Сыр бойы» газетінің руханият бөлімінің меңгерушісі Гүлжазира Жалғасова сараптама жасады. Әділқазылар алқасының шешімімен «Атаулар сыр шертеді» байқауы бойынша 1-орынға Маржан Әшірапбаева лайық деп танылды. Ал Мадалхан Данабек екінші орын иеленсе, 3-орын Ұлжан Әбдіжаппароваға бұйырды. Байқауға ұсынылған жазбалар фейсбук әлеуметтік желісінде алдын-ала жарияланды.
Ал фото және бейнематериалар байқауына «Сыр медиа» ЖШС-ның фотокорреспонденті Нұрболат Нұржаубай (әділқазылар төрағасы), ардагер фототілші Болат Омаралиев, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев, облыс әкімі баспасөз орталығының фототілшісі Бағдат Есжанов және «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас әділқазылық етті.
«Қазақстанның табиғаты» байқауына фото және бейнероликтерін ұсынғандардың ішінен Сейіткәрім Елубаев үздік деп танылса, екінші орын Қаныш Жетпісбайға, үшінші орын Аружан Оразбекке бұйырды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.



syr-media.kz

24 шілде 2018 ж. 1 265 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930