» » Бала естігенінен гөрі көргенін тез қабылдайды

Бала естігенінен гөрі көргенін тез қабылдайды



Маған бала тәрбиесі туралы көп хат келеді. Өте қиын тақырып, негізі. Бірақ өз ойыммен бөлісейін. Егер менің ойым сіздікімен сәйкес келмесе, онда оқып өте шығарсыз.
 
Балалар өте сезімтал келеді. Олардың есту, көру, дәм сезу, иіс сезу мүшелері ерекше дамыған. Балаға 1 сағат лекция оқып түсіндіргеннен гөрі, бір сәт көз алдында көрсетсең, иіскетсең, жегізсең, құлағына естірсең, мәңгілікке миына жазып, жүрегіне сақтап қалатын болады.
 
Атам қазақ «түк көрмеген» деп адамдағы ең жаман қасиетті айтады. Сондықтан балаға көрсету керек. Қызықты нәрселерді, жаңа елдерді, әдемі жерлерді. Шамаңыз келсе шетел көр­сетіңіз, келмесе, Астананың «Бәйтерегін», Алматының Алатауын, Абайдың мұражайын, Әуезовтің театрын, Назарбаевтың әуежайын, Сәтбаевтың экскурсиясын, Қайрат Нұртастың киносын, байлардың дүкенін, қысқасы, әйтеуір бұрын көрмеген нәрсесін көрсетіңіз. Бала жүрегі «губка» тәрізді, көргенін миына құйып алады.
 
Мәселен, менің қызым жеті жасында ең алғаш шетелге шыққан. Сонда тілмаш қыздың ағылшынша, түрікше, орысша сөйлеп тұрғанын көріп: «Кейін мен де тура осылай сөйлейтін боламын!» – деп көзі жанып еді, Қошмамбетте тоғыз жыл оқыса да кейіннен ағылшынша оқуға, Назарбаев университетіне өз күшімен түсті. Қазір үш тілде таза сөйлейді.
 
Балаға тек көрсетсеңіз болғаны. Эмоция, сезім ғана керек оларға. Өзіңіздің кішкене кезіңізді еске түсіріңізші, анаң күнде тамақ берсе де көрші апаның берген тәтті тоқашының дәмі әлі аузыңда емес пе? Алматыға алғаш барғандағы «Лунапарктегі» балмұздақ пен  «Веселые горки»  әлі есіңде болар? Олай болса балаға да сондай ғажа­йып нәрселерді көрсетіңіз. Өміріне анда-санда болса да мереке сыйлаңыз.
 
Кейде балалар қыста тұмауратып, бірінен біріне жұғып, температура көтеріліп, суық тисе, сауда орталығындағы секіретін батуттарға апарамын да, таңнан кешке дейін секіртіп, терлетіп, жүгіртіп, жегісі келгенін алып беріп, шаршатып қайтамын.  Келгесін талып ұйықтайды да, ертесіне «как огурчик» болып оянады. (Менің әдісімді қайталамас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс). Бала көңілден ауырып қалады. Үйдегі атмосферадан, әке-шешенің ұрысынан жаны қиналады. Ал отбасы балалар үшін құрылады. Сондықтан балалар үшін бұзылмауы керек. Бала жүрегі жыламасын десеңіз, оған жақсы көңіл-күй сыйлаңыз.
 
Қ. ОШАҚБАЕВА,

zamana.kz
 












27 шілде 2018 ж. 582 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031