ҚАРБЫЗ-ҚАУЫНДЫ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ
Қарбыздар мен қауындар Астанаға жазғы маусымның басында келеді. Әдетте, маусым айында сауда сөрелерінде алғашқы боп ташкенттік қабыздар пайда болады. Тәтті өнімдердің келесі партиясы тамыз айында еліміздің оңтүстік облыстарынан әкелінеді екен. Бұл кезеңде аталмыш өнімдердің негізгі бөлігі жеткізілетінін айту керек. Соңғы кезекте қыркүйек айында Астанаға қарбыздар мен қауындар Шығыс Қазақстан облысынан келеді.
Елорданың әр базарында ведомстволық зертханалар жұмыс істейді. Сауда сөрелеріне түспес бұрын дақылдар фитосанитарлық тексерістен өтеді. Қарбыздар мен қауындардың карантинді құжаттары болуы керек. Фитосанитарлық сараптама қорытындылары бойынша бақша дақылдарының құрамында нитраттардың тиісті мөлшерден асатын саны анықталған жағдайда, өнім сатылымға жіберілмейді.
2018 жылдың 6 айының қорытындыларына сәйкес егілетін өсімдік өнімдерінің құрамында нитраттардың бар-жоғын анықтау үшін барлығы 1381 зерттеу жасалыпты. Олардың 34 қарбыз-қауынның құрамын тексеруге бағытталған. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде нитраттардың тиісті мөлшерден асатын саны анықталған 5 оқиға тіркелді. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде 2018 жасалған зерттеу нәтижесінде мұндай 19 оқиға анықталған болатын. Нитраттардың тиісті мөлшерден асатын саны құлпынай, банан, жүзім,орамжапырақ, болгар бұрышы, сәбіз, кәді, баялды, шалғам сияқты жемістер мен көкөністерден табылды.
«Қалалық инфекциялық аурухананың мәліметтері бойынша, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындыларына сәйкес, нитраттармен уланудың 2 оқиғасы тіркелді. Олар ерте көктемгі кезеңде орын алыпты. Қарбыздар мен қауындармен улану оқиғалары болған жоқ.
Бұрын бақша дақылдарымен азаматтар жиі уланатын. Қазіргі таңда, менің ойымша, аталмыш мәселе базарлардың өзінде де қатаң қадағаланады. Сатып алған қарбыздары немесе қауындарының құрамындағы нитраттар санын тексеруге деген азаматтардың ынтасы да жоғары. Олар базарлардағы зертханаларға барып, сатып алған өнімдерін жиі тексеріп тұрады.
Бұдан бөлек, өткен жылдан бастап «Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы аясында ай сайын біздің департаменттің мамандары қаланың базарларына шығып, азық-түлік өнімдерінің құрамында зиянды заттардың бар-жоғын тегін тексеріп тұрады», - дейді Айнұр Дәулетбаева.
Алайда қарбыздар мен қауындарды белгіленбеген жерде сататындар да бар. Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы мұндай жерлерде сауда жүргізетіндерден бақша дақылдарын сатып алмауға шақырады.
«Қарбыздарды немесе қауындарды, әсіресе, жол бойында тұрған саудагерлерден алмауға кеңес береміз. Автобильдерден шығатын зиянды газдардың аса көп мөлшерде бөлінуі салдарынан қысқа уақыттың ішінде дақылдар ауыр металлдарды сіңіріп алуы ықтимал. Мысал үшін, қарбызды белгіленбеген жерде сатып алуды ұйғарсаңыз, сатушыдан сауданың заңдылығын, өнім қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды, оның санитарлық немесе медициналық кітапшасын көрсетуін сұрауға толық құқығыңыз бар», - деп атап өтті біздің сарапшы.
«Сауда орны қоршалып, күн сәулесінен, жауын-шашыннан қорғалуы қажет. Сату орнын шатыр астында орналастырған жөн. Қарбыздар мен қауындар биіктігі 20 см-ден кем болмайтындай, арнайы сөрелерде сақталуы тиіс», - деді Айнұр Дәулетбаева.
«Сатып алу кезінде жидек қабығының бүтіндігіне көңіл бөліңіз. Ол сызатсыз, жарықсыз, шұңқырсыз болу керек. Сызаттар мен жарықтар көбіне қарбыз-қауындарды тасымалдау кезінде пайда болады. Ал қарбыздың шұңқыр пайда болған жерінде ішкі жұмсақ бөлігі ашып кетеді. Сол себепті бұл мәселені де көңілге алу шарт», - дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы.
Ол, сондай-ақ, бақша дақылдарын сатуға арналған сауда орындарының қандай болуы керектігін еске салды.Көптеген азаматтар бақша дақылдарын сатып алмас бұрын, тәтті жидектен дәм тату үшін оны кесіп беруін сұрайды. Мамандар болса, мұндай әрекетке қарсы. Осылайша сіз өзіңізді ішек таяқшасынан қорғай аласыз. Қарбыз-қауынды пышақпен кесу кезінде оның сыртқы бетіндегі кір ішкі құрамына енуі мүмкін.Пышақтың таза екендігіне де ешкім кепілдік бере алмас.Айнұр Дәулетбаеваның айтуына қарағанда, бақша дақылдарымен улануға бір жасқа дейінгі сәбилер бейім келеді. Осыған орай, бала емізетін аналар тәтті дақылдарды жемеуге тырысуы қажет. Ал балаларға сарапшымыз қарбызды қабығына дейін жемеуге кеңес береді. Бұл – нитраттар көп жиналуы мүмкін бөлік.
Ең қарапайым ереже – қарбыз-қауыннан дәм татпас бұрын, оны жақсылап жуу. Жеке гигиена жөнінде де ұмытпаңыз! Міне, осы ережелер улану оқиғасына жол бере қоймас.
Baq.kz