» » Елімізде ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр

Елімізде ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр


Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр. Қайта ҰБТ және КТ тапсыру 2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №196 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түсушілер және ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) және кешенді тестілеуге (бұдан әрі – КТ) қатыспаған адамдарға ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін 2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында қайта ҰБТ және КТ өткізіледі.
Ұлттық тестілеу орталығы хабарлағандай, қайта ҰБТ және КТ қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылғы 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссияларында жүргізіледі.
Қайта ҰБТ және КТ түсушілердің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Қайта ҰБТ және КТ ағылшын тілінде тапсырушылар «Қазақстан тарихы» пәнін өз қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсу үшін колледж бітірушілері қайта ҰБТ және КТ өз қалауымен қазақ немесе орыс тілінде жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша тапсырады.
Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:
- Бекітілген формадағы бланктегі өтініш;
- Жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
- Тестілеуді өткізу үшін төленгені туралы түбіртек;
- 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тестілеуге қатысу үшін төлем 2242 теңгені құрайды және төлемді талапкерлер Қазпошта немесе Халық банкінің бөлімшелері арқылы төлей алады. Ол үшін көрсетілген реквизит арқылы төлеп, түбіртекте «Кешенді тестілеу тапсыру үшін» деп көрсету керек.

zakon.kz
30 шілде 2018 ж. 933 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930