Арқалықта адасып кеткен Сәкен Майғазиев биліктегілерге шағым айтты (видео)
Қостанай облысының Арқалық өңіріне сапарлаған Сәкен Майғазиев жолда адасып кеткен. Оған себеп – жолдың нашарлығы әрі жол бойында ешқандай айналма белгілерінің қойылмауы. Телефон байланысының ұстамауы да картаны пайдалануға кедергі келтірген. Әбден адасқан Майғазиев жолынан қалып қойып, белгіленген жеріне таңға жуық бір-ақ жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Арқалық пен Державиннің ортасы осындай болып жатыр. Бұл жолдар қашан жөнделеді? Мұнда ел бар екенін, адамдар тұратынын биліктегілер біле ме екен? Осыған жауапты адамдарды мына жолдармен жүргізу керек қой. Өткен жолы Шығыс Қазақстанда да осындай болған. Жазбай-ақ қояйықшы, айтпай-ақ қояйықшы дейміз, бірақ мынаның бәрін кім қадағалайды?” – деп ашынды әнші.Сәкеннің айтуынша, көлігі алыс жолға шыдамды болғандықтан да, оны бір “Құдай сақтаған”. Десе де, әнші талай жанның осы жолда қалып қойғанына күйінеді. Бұл орайда Майғазиев жол салуға жауапты жандарды Алладан қорқуға шақырды.
“Аллаға шүкір, көлігіміз биік, жанармайымыз толық болып, құдай сақтады. 3 сағат егіс алқабына кіріп, әбден адастық. Біз тұрмақ новигатор шатасып кетті. Телефон байланысы жоқ, ғаламтор желілері істемейді, не айналма жолдарға жол белгілері қойылмаған. Жанармайы таусылып, көлігінің асты зақымданып қанша көлік далада қалды десеңізші. Құрметті жолға жауапты жандар, Жаратқанға жауап беретін күннің жақын екенін ұмытпайық”, – дейді ол.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Stan.kz