» » Қазақстандық жас бишілер Италиядан жеңіспен оралды

Қазақстандық жас бишілер Италиядан жеңіспен оралды

âÒазаÒÑÑандÑÒ Ð¶Ð°Ñ Ð±Ð¸ÑÑÐ»ÐµÑ ÐÑалиÑдан жеңÑÑпен оÑалдÑ


ERNUR.KZ. Италияның Сан-Марино қаласындағы киелі сахнада өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған балалар ансамблі елге оралды, деп жазады 24.kz.

Алматылық «Адат» ансамблі жақында ғана Шекспир шығармасындағы Ромео мен Джулетаның отанына сапар шегіп, өнер әлемінің биігінен көрінді. Верона қаласында өткен халықаралық фестивальде жас бишілеріміз Кавкасиури, тау халқының биі, Даймохк және шешендердің мерекелік биін орындаған.

Құрылғанына бар жоғы бір-ақ жыл болған ансамбльде дарынды бишілер өте көп. Алды 16 жаста болса, ең кішісісі 4 жаста. Жетекшілердің мақсаты – әр баланың қабілетін ашып, би өнеріне деген құлшынысын арттыру. Осы өнер арқылы елді құрметтеуді, сал-дәстүрді ұмытпауға үйрету.
– Балалар фестивальге бар ынтасымен дайындалды. 4-5 сағаттық жаттығулар жасап, жас болса да жауапкершілікті сезінді. Қандай да бір қателіктер жасап қойса, көңілдері босап, екінші қайталамауға тырысты. Әрине, менің шәкірттерім сенімді ақтады. Мен оларды мақтан тұтамын, - «Адат» би ансамбілінің көркемдік жетекшісі Ислам Сагов.

Италиялықтарды таңдай қақтырып, Қазақстанның туын көкте желбіреткен жас бишілер қыркүйекте Тула қаласына шақырту алыпты. Ал келесі жылы жазда Францияда өтетін өнерлі жасөспірімдер арасындағы халықаралық фестивальге қатыспақ.

ERNUR.KZ.




01 тамыз 2018 ж. 573 1

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 16:29
Viagra Zurich Kaufen Cephalexin And Kariva Keflex Joint Swellings cialis 5 mg Clomid Mois Par Mois Levitra Quale Dosaggio Cialis Paypal Accepted

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930