» » Құрғақ саумал ішіп көрдіңіз бе?

Құрғақ саумал ішіп көрдіңіз бе?

ÒÒ±ÑÒÐ°Ò ÑаÑмал ÑÑÑп көÑдÑÒ£Ñз бе?

Осыдан екі жыл бұрын біздің нарыққа бие сүтінің құрғақ түрі келген еді. Алғашында таңсық көрінгенімен қазір оған деген сұраныс артып келеді. Ал шетелдіктердің қызығушылығы тіптен ерекше екен.


Биенің жаңа сауылған сүтінен құрғату әдісімен алынатын ақ ұнтақ, шипалық өнім - "Saumal" деген атаумен жақсы танымал.

Бұл өнімді өндірушілер саумалдың функционалдық тамақтану өнімі екенін айтады. Оның иммунитетке де пайдасы мол. Атап айтқанда, ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіруге, бауырдың қызметін жақсартуға көмектеседі, тіпті ағзаның физикалық және психикалық жағдайына да жақсы әсер етіп қартаюды тежейді.

Негізі қазақ халқы жаңа сауылған бие сүтінің денсаулыққа қандай пайдалы екенін жақсы біледі. Бірақ оны жаңа сауылған кезінде тұтынбаса, құнарсыз болып қалатынын да біледі. Ал бие сүтінің құрғақ түрі пайдалылығы мен балғындығын сақтайды-мыс. Қазіргі уақытта бұл өнім Қарағанды қаласында өндіріледі.

Бұл өнімнің тағы бір артықшылығы - ұзақ уақыт кез келгенжерде сақтауға болатыны. Суда тез еритін бұл саумалдың жаңа сауылған бие сүтінен мүлде айырмашылығы жоқ екен.
Дәл қазіргі таңда құрғақ бие сүтінің 200 граммдық банкісін 15 000 теңгеге сатып алуға болады.

Дереккөз: saumal.kz
ERNUR.KZ.


01 тамыз 2018 ж. 940 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930