» » Көпшілік сот залынан босаған Сайрагүлді қошеметпен, гүлмен қарсы алды (видео)

Көпшілік сот залынан босаған Сайрагүлді қошеметпен, гүлмен қарсы алды (видео)


Сайрагүл Сауытбекқызын сот сыртындағы жұрт ерекше қарсы алды.

Сайрагүлдің сот залынан босаған сәті видеомен жарияланды. Қытай қазағы Сайрагүлге бір топ адам қошеметін білдірді. Сайрагүл Сауытбайдың өзі сот төрағасына алғысын жеткізді.
“Қазақстанда ең әділетті сот бар екенін айтқым келеді. Елде осындай әділ жандар барда, Қазақстан өркендейтін болады. Осы уақыт аралығында өзімнің жалғыз емес екенімді білдім Мен бақыттымын”, – дейді ол.



Бала-шағасы үшін Қытайдан Қазақстанға оралмақ болып, шекараны заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды.
Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты.
Сот  Сайрагүлді 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза тағайындады.



Stan.kz 


02 тамыз 2018 ж. 586 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031