» » Операцияны ауыз арқылы жасады

Операцияны ауыз арқылы жасады


Мұндай ота қазақстанда бірінші рет жасалып отыр. «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы» АҚ дәрігерлері қалқанша безінің ісігін ешбір тіліксіз, ауыз арқылы алып тастады.
  
Пациент 65 жаста. Қалқанша бездің үстіндегі ісік онда 7 жыл бұрын пайда болған. УДЗ ісіктің көлемі 1,2х2,2х3,0 сантиметр екенін көрсеткен. Аталмыш орталық мамандары оған шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін «Қалқанша безінің шағын инфвазивті хирургиясы» шеберлік класы аясында трансоралды тиреоидэктомия жасады. Оны Германияның Берлин қаласынан келген профессор Мартин Штрик мен ресейлік медицина ғылымдарының кандидаты Антон Павлович Пришвин өткізді.
 
Бұл тәсілдің ерекшелігі – адам денесіне тілік жасалмайды, яғни тігудің қажеті жоқ. Сондықтан ауырсыну синдромы да аз болады екен. Дәрігерлер отаның сәтті өткенін хабарлады.
 
Н.НҰРСҰЛТАН.
http://www.zamana.kz
02 тамыз 2018 ж. 699 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 495

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031