» » ҚЫЗЫЛОРДА ӘКІМДІГІ ТАТАРСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТПАҚ

ҚЫЗЫЛОРДА ӘКІМДІГІ ТАТАРСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТПАҚ


Қызылорда облысының әкімдігі және Татарстан Республикасының Үкіметі арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған қызылордалық делегация Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапардың негізгі мақсаты ІТ саласы бойынша ТМД елдері ішінде ең үздік саналатын осы елдің тәжірибесін үйрену және Сыр өңіріне озық технологияға негізделген жобаларды енгізу.
Делегацияның құрамында аймақтың ІТ, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы салаларының жауапты мамандары бар. Олар өз салалары бойынша Қазан қаласындағы нысандарды аралап, әріптестерімен тәжірибе алмаспақ. Сонынмен қатар, аталмыш бағыттар бойынша бірнеше меморандумға қол қойылады деп жоспарланған.

18 қаңтар 2018 ж. 835 0