Лифтіде қаза болған танымал журналистің ісі бойынша сотталушы ауырып қалды

Лифтіде қаза болған танымал тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың ісі бойынша сотталып жатқан лифтер-электрик Жарылқасын Ақжанов шұғыл түрде жүрегіне ота жасатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
31 шілде күні мемлекеттік сотта "Жанабек Сервис" ЖШС директоры Кенен Жанабеков пен лифтер-электрик Жарылқасын Ақжановтың ісінің алдын ала тыңдалымы болып өтті.
Оларды "өз міндетін атқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру" бабы бойынша айыптауда.
Ақжанов аталмыш сотқа келе алмады. Судья Ербол Әбдіхалықовтың айтуынша, Ақжанов ем шараларын қабылдауда. Ол жақын арада жүрегіне ота жасатпақ екен. Бұл жайттар ескеріле отырып, басты сот отырысы 13 тамызға тағайындалды.
"Жарылқасын Ақжанов - 60 жастағы тәжірибелі лифтер. Қайғылы жағдайға дейін ол лифтіні жөндеуден өткізіп, қолдануға болатынын айтқан еді", - дейді Жанабеков.
Еске салсақ, Ақтөбеде 4 сәуір күні тележурналист Әбдісамат Айзат лифтіде қысылып қалып, тіл тартпай кеткен болатын.