» » "Күнәларым бар": Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын ашық айтты

"Күнәларым бар": Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын ашық айтты

Коллаж NUR.KZ (фото instagram.com/ilyailyinforever и comode.kz)

"Күнәларым бар": Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын ашық айтты

Отандық танымал спортшы Илья Ильин отбасылық оқиғалары мен басынан өткен қиындықтары туралы бөлісті. Ауыр атлеші орын алған допинг жанжал мен Наталья Кулаковамен ажырасып кеткені жөнінде ашық айтты деп жазады Men`s Health басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Илья Ильин әйелімен ажырасу оған ауыр тигенін жасырмай айтты. Оған қоса спортшы ол кезеңде допинг жанжалына қатысты күйзелісте жүргенін мойындады.
Алайда, ауыр атлет спорттық мансабындағы жағдайдың орын алмағанында да олардың отбасын бәрібір сақтап қала алмайтындарын жеткізді. Оның айтуынша, жанұяда шешілмей қалған мәселелер жиналып қалған.
"Мен өзіммен-өзім жеке бөлек өмір сүремін. Мен менмін, басқалардың көргісі келетін адам емеспін. Барлық міндеттерімді еркекше орындадым. Мен қызу қанды жігітпін, күнәларым да жоқ емес екенін мойындаймын. Алайда, бұл өмір өткенді қайтарып ала алмайсың", - деп айтты Ильин.
Спортшы қарым-қатынаста өзара түсіністік пен қолдаудың аса маңызды екенін атап өтті. Дәл осы нәрселер Наталья екеуіне жетіспеген көрінеді. Оның айтуынша, әйелі екеуін тек қана қызы Милана ғана біріктірген.
Қазіргі таңда, Илья ата-анасымен тұрады. Олар өз кезегінде бұрынғы келіндерімен жақсы қарым-қатынаста қалған.
Спортшы өзінің уақытын барынша қызына арнауға тырысады. Ол Милананы мектепке апарып, бірге қызықты уақыт өткізгенді бірінші орынға қойған.


06 тамыз 2018 ж. 708 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930