Илья Ильин: Менің ереже бұзбай жеңгенімді қарсыластарым да біледі
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин өзін мазалап жүрген ойымен бөлісіп, елімізде атлеттердің құқығын қорғайтын Кәсіби спортшылар қауымдастығын құратын кез келгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Өз сөзінде Ильин спортшылардың пікірі көпшілікті алаңдатпайтынына налыды.
«Жазбамда өз оқиғамды жаза кетейін. Керемет жеңіс болды. Барлық чемпионатта менімен бәсекелес болған ауыр атлеттердің ешбірі жеңіске жету жолында менің ереже бұзғанымды айта алмайды. Тұғырдағы жеңісіміз әділетті екенін, тұғырда намыстың жоғары екенін бәріміз білеміз. Десе де спортшылардың пікірі ешкімді алаңдатпайтыны өкінішті.
Менің ойымша, атлеттерді, олардың мүддесін қорғайтын, әлемдік спорт ұйымдарымен ашық келіссөз жүргізіп, қандай да бір маңызды шешім (көптеген адамның өміріне әсері мол шешімдердер) қабылданар сәтте өз ойын алға тарта алатын Кәсіби спортшылар қауымдастығын құратын кез келді. Себебі біз, спортшылар, спортты жасап жатырмыз. Және бізге де бірлестік түріндегі қорғаушы керек», – деп жазды Илья Ильин Instagram-парақшасында.