» » Ильин өмір бойы спорттан шеттетіле жаздады

Ильин өмір бойы спорттан шеттетіле жаздады


2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының алтын медалінен айырылып қалған қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильинді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) екі жылға жарыстарға қатысудан шеттетті, деп хабарлайды 
Вaq.kz ақпарат агенттігі ТАССбасылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамаларын қайта тексерген кезде Ильиннің сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Ильиннің ісіне тергеу жүргізіп жатқан IWF Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес, спортшыға қатысты ең ауыр жаза тағайындауы мүмкін еді. Ауыр атлетші допингке қарсы ережені екі рет бұзғанымен, IWF оның қателерін бір рет жасады деп қарастырды.

«Егер дипонгке қарсы ұйым спортшыға бірінші рет ережені бұзғандығы жөнінде хабарлама жолдаса ғана екінші рет ереже бұзуы «тағы допинг қолданды» болып саналады. Ал аталған ұйым біріншісі туралы хабарлама жібермесе, онда спортшының екінші рет бұзғаны есепке алынбайды. Егер екі жағдай да назарға алынып, екеуінде де спортшы хабардар болса, онда ол өмір бойы спорттан шеттетіледі», — деп жазылған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның кодексінде.

Ильин 2012 жылы Лондонда допингке қарсы ережені бұзғанға дейін 2008 жылғы Пекиндегі Ойындарда допингке қарсы ережелерді бұзғандығы туралы хабарлама алмаған. Сондықтан да IWF оның Лондондағы ереже бұзуын екінші рет бұзды деп қарастырмады.
25 қаңтар 2018 ж. 979 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930