» » Солтүстікқазақстандық кәсіпкер мүгедек жандарға арнайы құрылғы ойлап тапты

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер мүгедек жандарға арнайы құрылғы ойлап тапты

Петропавлдық жас  кәсіпкер  мүмкіндігі шектеулі  жандарға тұрмыстық заттар үшін қолданылатын қажетті құрылғы жасап шығарды.  

Толығырақ: https://egemen.kz/article/172594-soltustikqazaqstandyq-kasipker-mugedek-zhandargha-arnayy-qurylghy-oylap-tapty
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!


Мұндай құрылғылар елімізде еш жерде құрастырылмайды.  Оның  авторы   Руслан Смағұлов  бірегей аспапты өзге елдер үшін де құрастырмақ. «Бірде көршім банкаларды  ашып беруімді өтініп, көмек сұрап келді.  Осыдан кейін бір қолы жоқ үй шаруасындағы әйелге  жәрдемдесудің жолын іздестіріп, бір айдың ішінде  осы құрылғыны  жасап шығардым», дейді Руслан. 

Жас кәсіпкер қазір тендерлерге қатысып, өнімдерін Петропавл, Көкшетау, Астана қалаларына өткізіп жүр. Енді өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Түйме, кілт, тағы басқа күнделікті тұтынатын заттарды  ұстап тұратын  көмекші құралдарға сұраныс көп. «Үздік  әлеуметтік жоба» өңірлік  байқауында жас кәсіпкердің өнертапқыш жаңалығы жақсы қырынан бағаланып, 700 мың теңге сыйақы алыпты.

Бүгінде облыста  мүмкіндігі  шектеулі 27300  адам бар.  Оның  2 мыңы – балалар.  7 мыңға жуық  жан Руслан жасайтын құрылғыны қажет етеді.    Қытай мен Ресейде  олардың  бағасы қымбат. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».


07 тамыз 2018 ж. 719 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930