» » БЖЗҚ Мобильдік кеңсесі 3 ай ішінде 75 рет сапарға шыққан

БЖЗҚ Мобильдік кеңсесі 3 ай ішінде 75 рет сапарға шыққан



Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ішінде шалғайда орналасқан кішігірім елдімекендердің тұрғындарына да қатысты. Сондықтан БЖЗҚ әрбір азаматқа зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салып келеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«Қор 2015 жылдан бері салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсетіп келеді. Егер салымшы немесе алушы қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын болса, Қор қызметкерлері оған өздері барып қызмет көрсетеді. 2018 жылдың алғашқы жартысында осы жоба аясында 3,9 мың көшпелі шара ұйымдастырылып, 93,4 мың операция жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.

Шалғайда орналасқан елдімекендерде, сондай-ақ Қор бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың екінші тоқсанында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылған. Ол барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыс құралымен жабдықталған. 2018 жылдың 16 сәуірі мен 30 маусымы аралығында, яғни үш ай ішінде «Мобильдік кеңсе» 75 рет жолға шыққан және «Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы әзірленген жоспар және кесте бойынша жүзеге асырылады екен. Жол жүру бағыты жергілікті әкімдіктермен алдын-ала келісіледі және салымшылар мен алушыларға да алдын ала хабар беріледі.

«Осы сапарлар барысында Қор қызметкерлері 5,1 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіп, солар үшін 6,3 мыңнан астам операцияны орындады. Негізгі көрсетілген қызметтерді атап айтар болсақ, олар: шарттың жаңа редакциядағы көшірме нұсқасын алу, зейнетақы шотынан үзінді-көшірме беру, салымшылардан деректемелерді өзгерту/толықтыру жөнінде өтініш қабылдау қызметтері. Сонымен қатар көшпелі қызмет көрсету барысында 2,3 мыңнан астам жергілікті тұрғынға ақыл-кеңес берілді», - делінген хабарламада.

Еске саламыз, бүгінде «Мобильдік кеңсе» жобасы Алматы, Атырау және Қостанай облысында жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта «Мобильдік кеңсе» жобасын ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске қосу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2019 жылы жобаны Қордың Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалдарында жүзеге асыру жоспарлануда.


Әділет МҰСАХАЕВ
Baq.kz

08 тамыз 2018 ж. 451 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 10:02
Dove Acquistare Cialis Line levitra germany priligy Keflex Joint Swellings Vademecum Y Propecia

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 18:21
Overnight Pharmacy Otc Ventolin Sulfate Inhaler tadalafil cialis from india Kamagra 100mg Saint Viagra Generika Bewertung

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031