» » Атышулы Байзақова Қазақстандағы ең ықпалды 50 әйелдің қатарына енді (фото)

Атышулы Байзақова Қазақстандағы ең ықпалды 50 әйелдің қатарына енді (фото)

ФоÑо: telegram

Атышулы Байзақова Қазақстанның ең ықпалды әйелдер қатарына кірді. Еліміздегі ең үздік 50 қыз-келіншектер арасынан қоғамда үнемі сынға ілінетін танымал блогердің бой көрсетуі жұртқа жақпай қалды деп жазады NUR.KZ.

Consulting Group бірлестігінің құрған тізімі yedilovonline Telegramпарақшасында жарияланған.
Қазақстанның ең ықпалды әйелдердің тізіміне қоғамдық пікірге өзіндік әсер ете алатын 50 қыз-келіншек кірді. Олардың көшбасын Дариға Назарбаева бастап тұрса, соңғы орынды атышулы Айжан Байзақова қанжылаған.
Ықпалды әйелдер қатарына ерсіз қылықтарымен танымал болған бойжеткеннің енгені көпшілікті таңғалдырды. Тізімнің соңына да болсын іліккен Байзақова көпшіліктің ашуын келтірді.

Желі қолданушылар шынымен де ерең еңбегі бар ықпалды әйелдер тізімінде көп сыналатын блогердің болғанына өз наразылығын ашық білдіріп жатыр.

"Басқа дам табылмай қалды ма? Бұның мынадай тізімде болуы өрескел қате""Одан ша Роза Рымбаеваны кіргізетін адамдар ғой, қайдағы Байзақованы салғанша""Елімізге еңбегі сіңгендердің арасына мұндай тәрбиесізді қосудың қажеті жоқ""Байзақова? Не үшін, не істепті елі үшін? Төсін жасатқаны үшін бе?""Мынау нағыз масқара, айтарға сөзім жоқ. Жеткен жеріміз осы болса керек", - деп жазды ашулы оқырмандар.

Көпшілік бұл тізімде тек Байзақова емес, сондай-ақ Баян Алагөзова мен Динара Сатжанды да қосудың қажеті жоқ деп жазды.
Оған қоса, желі қолданушылар ең ықпалды әйелдер қатарында Роза Рымбаеваның жоқ болғанына қапалы.


https://kaz.nur.kz
09 тамыз 2018 ж. 923 0