» » Бүгін жауын, дауыл, бұршақ болуы мүмкін

Бүгін жауын, дауыл, бұршақ болуы мүмкін



Бүгін жауын, дауыл, бұршақ болуы мүмкін
"Қазгидромет" РМК 14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың кей жерінде құбылмалы ауа райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр жауып, дауыл және екпінді жел соғады.
Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, найзағай, дауыл күтіледі, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай болады.
Қызылорда, Түркістан, кей жерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.


Baq.kz
14 тамыз 2018 ж. 783 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930