Тұрақсыз ауа райы сақталады Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін, тек оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз, - деп хабарлайды Қазгидромет.Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батыста – шаңды дауыл, солтүстікте - түнде және таңертең тұман. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман бақыланады.Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с күшейеді.Маңғыстау облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с шаңды дауыл көтеріледі.Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жаңалықтар 16 шілде 2018 ж. 958 0