Қайтыс болған әкесінің мәйітімен лифтте қамалып қалған: Ағайындылардың бірі шахтаға құлаған
Қайтыс болған әкесінің мәйітімен лифтте қамалып қалған: Ағайындылардың бірі шахтаға құлаған
Алматыда лифт шахтасына құлап кеткен ер адам оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 33 жастағы ер адамның айтуынша, оқыс оқиға 7 тамызда Ақбұлақ ықшамауданында болған. Оның айтуынша, сол кезде әкесінің жерлеу рәсімі болған. Лифтіге бауырлары мен әкесінің денесімен бірге кірген. Олар бесінші және төртінші қабаттың ортасында тұрып қалғанын айтты. "Бізді естуі үшін бірден айқайлап, барлық түймешікке баса бастадық. Кейіннен есікті аштық. Шахтадан бірінші болып туысым шықты, сосын ағам, артынан мен ілестім. Аяғымды шалыс басып, лифт шахтасына бірақ құладым. Кейін еш нәрсе есімде қалмапты. Біраз уақыттан кейін есімді жыйдым", - деді зардап шеккен ер адам. Ринат Тоғжановтың айтуынша, ол Өскеменнен 80 жастағы сырқат әкесімен бірге Алматыға ем алуға келе жатқан. Алайда қарт кісі жолда жан тапсырып, туыстары оны Алматыға жерлеу үшін алып келген.
Полижарақат бөлім бастығының міндетін атқарушы Арман Байболовтың айтуынша, 33 жастағы Ринат Тоғжанов 7 тамыз күні сағат таңғы 9:40-та аса ауыр халде жеткізілген. "Зардап шегушіге: полижарақат, мидың шайқалуы, жабық кеуде жарақаты, сол жақтан 4-ші мен 10-шы қабырғаның сынуы, көкбауырдың жарылуы диагнозы қойылды. Ауруханаға тапсырылған кезде оған шұғыл түрде ота жасалды. Отадан кейін жансақтау бөліміне жатқызылып, үш күннен кейін полижарақат бөліміне ауыстырылды", - деді дәрігер. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Есін біледі. Қазір Ринатқа сол жақ жіліншік аяғы мен сол жақ білекке ота жасауға дайындалып жатырмыз. Пластина қоямыз. 10 күн шамасында ауруханада болады", - дейді Арман Байболов.
kaz.tengrinews.kz.
Пікір 2