Ұлыбританияда тегін оқу: Қазақстандықтар үшін байқау жарияланды
2018 жылдың 6 тамызы мен 6 қарашасы аралығында Ұлыбританиядағы магистратура бойынша Chevening стипендиясына өтініштер қабылдайды.
Іріктеуден өтіп, кәсіби, потенциалды көшбасшы екенін дәлелдеген, елінің дамуына үлес қосу үшін Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтін азаматтарға шәкіртақы тағайындалады.
Іріктеуден өту үшін академиялық білім мен 2 жыл тәжірибесі болу керек. Ағылшын тілін жақсы меңгеруі тиіс.
Астанадағы Ұлыбритания елшілігінде соңғы 35 жылда 50 мың маман Chevening арқылы осы елде білім алып, Chevening Alumni түлегі атанғанын айтты.
Бағдарлама бойынша биомедицинадан бастап қоршаған орта ғылым саласына дейін оқуға болады. Білім алушы өзін қызықтырған саланы зерттейтін болады.
«Тапсырушылар үшін 150 түрлі оқу орнында 12 мың бағдарлама бар. Ұлыбритания оқу орныдары әрдайым дәрежесі жоғары саналады. Сондықтан академиялық қиындықтарға дайын болыңыздар. Chevening арқылы тек қана сабақ оқып қоймай, эксклюзивті шаралар дайындап, ел тарихымен, халқымен танысып, халықаралық саясатты талқылап, көшбасшылардың пікірімен танысасыз.
Бір жыл тез арада өте шығады. Түлектер академиялық білімін шыңдай отырып, алған білімін жарату үшін еліне оралады», – дейді бағдарлама жетекшісі Луиза Томсон.
Chevening Scholarship – Ұлыбритания үкіметі атынан берілетін халықаралық шәкіртақылы бағдарлама. Оны СІМ қаржыландырады. Алғаш 1983 жылы енген. Жыл сайын 160 елден студент тапсырады. Биыл 600 адам шәкіртақыға ие болады.
Stan.kz
Пікір 1