Биыл мектеп оқушылары үшін сабақ 3 қыркүйектен басталады
Бірінші қыркүйек күні салтанатты түрде сап түзеу шарасы өтіп, сынып сағаты жүреді.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйек болып бекіді. Оқушылар 2 қыркүйек демалып, 3 қыркүйектен сабақ басталады, деп хабарлайды Sputnik.
Бұған дейін ата-аналардың кез келген мектепті таңдаң құқығына ие болғанын жазған едік. Биыл да 5 күндік оқу жүйесі сақталады. 2018-2019 оқу жылында жаңа пән енгізілмейді.
Биылғы оқу жылының ұзақтығы 32-34 оқу апта. Мектеп алды сыныптарда — 32 апта, бірінші сыныптарда – 33 апта, екінші сыныптан 11-12 сыныпқа дейін — 34 апта.
2018 жылдың 29 қазанынан 4 қарашасына (қоса алғанда) дейін күзгі демалыс, 2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 9 қаңтарына (қоса алғанда) дейін қысқы каникул.
Stan.kz
Пікір 2