» » Қазақстандықтар арасында ұялы телефонға сұраныс артып келеді

Қазақстандықтар арасында ұялы телефонға сұраныс артып келеді



Бүгінде мобильді байланыс қызметі бір жылда 2%, абоненттер саны 5%, ал мобильді интернетті пайдаланатындар бірден 12% артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр абонент операторларға жеті айда орташа есеппен 5 мың теңгеден пайда әкелді. 7 айдың қорытындысы бойынша мобильді байланыс қызметі 127,3 млрд теңгеге жетті – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% артық. Жалпы мобильді қызметтің 70% халыққа көрсетілуде.

2017 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша өсім 0,1% құраса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша аталған салада көрсеткіштердің 2016 жылмен салыстырғанда 10% төмендеп кеткені байқалған. Негізінен қызмет көрсету көлемі соңғы жылдары төмендеп келген.
Ағымдағы жылы өсім тек қызмет көлемінде ғана емес, сонымен қатар қолданушылардың санында да байқалады. Сонымен, ұялы байланыс абоненттерінің саны 27,3 миллионды құрады, ал бір жыл бұрын ол 26 млн көрсеткен болатын.

Ал интернетке қолжетімділігі бар байланыс абоненттерінің саны 14,1 млн көрсетті, бір жыл бұрын ол 12,6 млн болды.
Орташа есеппен әр абонент ұялы операторларға 7 айда шамамен 4,7 мың теңгеден пайда әкелді, бұл өткен жылғы аталған кезеңдегі көрсеткіштен (4,8 мың теңге болған) шамалы аз.


Baq.kz

17 тамыз 2018 ж. 543 1

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 01:14
Precio De Propecia En Farmacia histoire du levitra Viagra Oder Cialis Nebenwirkungen Cialis 20 Miligramos Cialis 20 Online Apotheke

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930