» » 2019 жылға тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу басталды

2019 жылға тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу басталды


Медициналық ұйымдар қазақстандықтар үшін 2019 жылы тегін медициналық қызметтерді көрсетуге қажет болатын дәрі-дәрмектерге өтініш білдіре бастады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың айтуынша,тегін дәрі-дәрмек үшін сатып алынатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың тізімі 1144 жолдан тұрады. Оған дәрілердің 829 атауы мен 315 медициналық бұйым кірген. «Биыл 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарды емханада емдеу үшін дәрі-дәрмектердің 550-ден астам атауы бекітілді. Өткен жылы дәл осындай мақсатта 482 атаумен дәрі-дәрмектер сатып алынған», деді Людмила Бюрабекова. «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп сатып алу процедурасы барлық препараттар бірыңғай дистрибьютордың қоймасына үстіміздегі жылдың соңына дейін түсу үшін қажет екенін айтады.

«Тендерлік процедуралар екі айдай уақытты алады. Тендердің нәтижелері бойынша келісім шарттар жасалып, дәрі-дәрмектер қоймаларымызға жылдың аяғында түсетін болады», деді Б. Шәріп. Бірыңғай дистрибьютердің айтуынша, препараттарды алуға жіберілген өтініштер бірден бекітілмейді. Ауруханалар мен емханалар «СК-Фармациямен» келісім жасау кезінде өтініштерге тағы бір мәрте түзетулер енгізе алады. «СК-Фармация» ЖШС басшысы биылғы жылы дәрі-дәрмек пен медициналық бағыттағы бұйымдарды сатып алу алғаш рет электрондық форматта жүргізілетінін айтты.

egemen.kz



20 тамыз 2018 ж. 964 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031