» » Ақмолалық имамдар 700 оқушыға мектеп құралдарын сыйға тартты

Ақмолалық имамдар 700 оқушыға мектеп құралдарын сыйға тартты




Ақмолалық имамдар 700-ден астам оқушыға мектепке қажетті оқу құралдар мен мектеп киімдерін үлестірді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тiлшiсi.

Биылғы жылы облыс бойынша материалдық көмекке зәру балалардың саны 11587, оның ішінде 1468 бүлдіршін бірінші сыныпқа барады.
Қасиетті Құрбан айт күні Науан хазірет мешіті және «Зекет» қорының Ақмола облыстық өкілдігі «Мектеп сөмкесі» акциясы аясында әр жастағы оқушы балаларға барлығы 250 мектеп құралы салынған сөмкелерді қайырымдылық негізде таратты. Осы күні Ақмола облысы бойынша 727 мектеп сөмкесі мен 142 мектеп киімі үлестірілді.


ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі Қуаныш Сәбит мешітке жиналған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Қазақы имани дәстүрде бар балаға айттық беру жоралғысына негізделген бұл рәсімнің ғибратын тілге тиек етті.
«Басты мақсат – жағдайы жоқ отбастарының балаларын мектепке дайындау, олардың білім алуына мүмкіндік беру. Биылғы акция Көкшетау қалалық әкімдігімен келісе отырып, жүзеге асырылды. Білім бөлімі аз қамтылған және ата-анасы жоқ жетім балалар тізімін ұсынған еді. Осылайша Науан хазірет мешітінде Құрбан айт күні 250 балаға сыйлық жасалды»,–дейді Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит.
Ал, мешіттің ақылдастар алқасының мүшесі Ғабдысәләм Жоламанов бата беріп, балаларға ақ жол тіледі.
«Елімізде «Мектепке жол» акциясы осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған еді. Ең бастысы, мешіттер мен «Зекет» қоры жыл сайын мектеп құралдарын үлестіруді дәстүрге енгізді», – дейді Ақмола облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Болат Қасенов.
Ақмола облыстық білім беру басқармасының деректеріне сүйенсек, өткен жылы 12399 оқушы материалдық көмек алыпты. Оның ішінде 6323 оқушыға 58,8 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.
Шара аясында қайырымдылық көмекті қабылдайтын арнайы пункттер жұмыс істеуде. Мұнда әкелінген қай оқушылар киімі мен оқу құралдары болсын, арнайы тіркеуге алынып, әрбір мектеп арқылы анықталған әл-ауқаты төмен отбасылардың балаларына тізім арқылы таратылып беріледі.

Фото: Автордікі

Baq.kz

23 тамыз 2018 ж. 1 320 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930