Шахтинскіде аттракционда қайтыс болған баланың ата-анасына 5 миллион теңге төленетін болды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының шенеуніктері аттракционда қайтыс баланың ата-анасына бес миллион теңге төлеуге міндеттелді. Екі жасар Варя Переседова үлкендердің немқұрайдылығының салдарынан ажал құшты. Бүлдіршін осыдан үш бұрын демалыс саябағында әткеншектің механизміне түсіп, қайтыс болды.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Қайғылы оқиға үш жыл бұрын болған. Әжесімен серуендеп жүрген Варя қолдан ытқып шығып, жұмыс істеп тұрған аттракционның аумағына жүгіріп кеткен. Қосылып тұрған әткенше жүрігіп келген бала оның астына түсіп, қысылып қайтыс болды. Бірақ, саябақ басшылығы бұл қайғылы оқиғаға бүлдіршіннің әжесін кінәлауда. «Барыс» мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілігі әжесі қызға қарамағандықтан, осындай жағдай орын алды дейді.
Алайда, Варяның ата-анасы саябақта қауіпсіздік ережелері бұзылғанын басып айтты. Өйткені, әткеншек кез-келген бала жүгіріп кіретіндей ашық. Әткеншекке кіретін жер арнайы қоршаумен емес, жәй ғана шынжырмен ілініп тұр.
Бұған дейін сот шенеуніктер қайтыс болған баланың ата-анасына 5 миллион теңге төлеуі тиіс деген шешім шығарған болатын. Алайда, мемлекеттік кәсіпорын ол шешіммен келіспей, шағым түсірмекші болды. Бірақ қыздың да ата-анасы соттың үкіміне қанағаттанбай отыр.
«Маған ақша мен өтемақының еш қажеті жоқ еді. Мен отбасымды асырап, нанымды өзім табамын. Алты сот отырысы болды және барлық шешім зардап шеккен тараптың пайдасына шешілді. Ал, біздің прокуратура мен полиция қызметкерлері қылмысқа жауапты ешкім адам жоқ деген сылтаумен істі төрт рет тоқтатты. Менің сұрағым келетіні: олар қалайша істі осылай жаба салды?»,-деп таңғалды қайтыс болған қыздың әкесі Александр Переседов.
Stan.kz
Пікір 1