» » Түркістан облысында трактор астында қалған қыздың анасы: Кешірім сұраудың орнына, қорқытып жатыр

Түркістан облысында трактор астында қалған қыздың анасы: Кешірім сұраудың орнына, қорқытып жатыр

ТүÑкÑÑÑан облÑÑÑнда ÑÑакÑÐ¾Ñ Ð°ÑÑÑнда ÒалÒан ÒÑздÑÒ£ анаÑÑ: ÐÑнÓÐ»Ñ Ð°Ð´Ð°Ð¼Ð´Ð°Ñ ÐµÑÑÑÑм ÑÒ±ÑаÑдÑÒ£ оÑнÑна, ÒоÑÒÑÑÑп жаÑÑÑ

Түркістан облысында 17 жастағы бойжеткен егістік алқабында жалданып жұмыс істеймін деп трактор астында қалды. Анасының айтуынша, қызы тракторшының айтқанын істеймін деп алып техниканың астында мыжылып қалған.

Бойжеткен енді ғана сөйлей бастады. Анасы одан кешірім сұрап ешкім келмегеніне ашулы. Керісінше трактор жүргізушінің туыстары «арызыңды қайтарып ал» деп қорқытқан, деп жазады Оtyrar.kz.
Оқиға жайлы сұрағанда бойжеткеннің мұрнынан қан кетіп, өзін өзі ұстай алмай кетеді.
Дәрігерлер оның ұзақ уақыт ем алуы тиіс екенін айты.
«Басынан қатты соққы алған. 1-тамыз күні түсті, жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жеке палатаға шығарылып, күтушісі ретінде қасына анасы жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Көп күтім керек. Ертең ауруханадан шықса да, невропотологтың қадағалауында болады», – деді дәрігер Тимур Ахмедов.
Анасы қызын ақшаның жоқтығынан егістікке жұмысқа жіберген. Айтуынша, трактор жүргізушісі құлаққап киіп алып, тоқта деген сөзді естімепті.
«Маған келіп, арызыңды қайтып ал, кешірім бер дейді. Мен қалай кешірім беремін? Қызым ауруханада жатыр. Жағдайы болса — анау. Мен олардан ақша сұрағаным жоқ, тек қызымды аяғынан тұрғызып бер деп отырмын. Қазір келіп, жағдайын сұрамаған соң, қолхат бер дедім, оны ноториус арқылы заңдастырайық дедім», – дейді анасы Гүлмира Өтембаева.

ТүÑкÑÑÑан облÑÑÑнда ÑÑакÑÐ¾Ñ Ð°ÑÑÑнда ÒалÒан ÒÑздÑÒ£ анаÑÑ: ÐÑнÓÐ»Ñ Ð°Ð´Ð°Ð¼Ð´Ð°Ñ ÐµÑÑÑÑм ÑÒ±ÑаÑдÑÒ£ оÑнÑна, ÒоÑÒÑÑÑп жаÑÑÑ

Ал трактор жүргізушінің туыстары Жанеркенің емінен бас тартты. Кешірім сұрауға да құлықты емес.
«Тракторға мінбе десе, жүгіріп мінген. Қыз да, мамасы да, егістік басындағы бригадир де кінәлі. Баланың да кінәсі бар ғой. Бізден ақша сұрады, 1 млн. теңге. Сол дұрыс па? Енді бармаймыз кешірім сұрап, сотқа берсін, қызы тірі ғой», -деді трактор жүргізушісінің туысы Юсуп.
Бұған қатысті істі прокуратура өз бақылауына алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Жетісайдағы егістік алқабына көптеген балалар жұмыс істейді. Олар 2-5 мың теңге аралығынада ақша алады. Алайда қауіпсіздігін ешкім қадағаламайтын көрінеді.


Stan.kz 


24 тамыз 2018 ж. 1 021 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930