» » Қызылорда облысының алғашқы әкімі қайтыс болды

Қызылорда облысының алғашқы әкімі қайтыс болды

ФоÑо: kzvesti.kz

Қызылорда облысының алғашқы әкімі Сейілбек Шаухаманов 79 жасында өмірімен қош айтысты. Бұл туралы bnews.kzсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сейілбек Шаухаманов 1939 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында дүниеге келген.
Ол еңбек жолын 1962 жылы Шиелі аудандық "Қазақауылшаруа техникасы" бірлестігінде механик болып бастаған екен.
1965 жылдан 1991 жылға дейін Шаухаманов Кеңес Одағының коммунистік партиясының мүшесі болған. Одан кейінгі жылдары Лениндік коммунистік жастар одағында Қызылорда облысы Сырдария, Тереңөзек аудандарының алғаш секретарі ретінде қызмет етіпті.
Ол 1992-1995 жылдары Қызылорда облыстық әкімшілігінің басшысы, 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаты болған.
Өмірінің соңғы жылдарында Сейілбек Шаухаманов облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесін басқарған екен.


https://kaz.nur.kz
27 тамыз 2018 ж. 1 664 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031