Қызылордалық әйел дуадан құтылу үшін 9 млн теңге балгерге берген
Қызылордада тұрғынның 8 млн 853 мың теңгені балгерге беріп алданып қалғаны белгілі болды.
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінен мәліметінше, өзін экстрасеанс ретінде таныстырған алаяқ әйелді алдап ақшасын алған.
Қылмыскер тұрғынға қаншалықты көп ақша берсең, нәтижесі соншалықты жақсы болатынын айтып сендіреді. Кейін еш нәтиже шықпағанын түсінген тұрғын полицияға арызданады.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, алаяқ 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бір ғана Қызылорда облысында осы жыл ішінде 418 алаяқтық фактісі тіркелген. Оған қатысты 162 адам ұсталды. Ұталғандардың 109-ы – әйелдер.
Бұған дейін ШҚО-да жүкті әйел дуалаушы деп айыпталған еді.
Stan.kz
Пікір 1