» » Роза Рымбаева қос ұлымен бірге отбасылық ән жазып жатыр

Роза Рымбаева қос ұлымен бірге отбасылық ән жазып жатыр

Халық әртісі Роза Рымбаеваның қос ұлы да өнерде жүргені белгілі. Анасы мен ұлдарының әні бір-біріне ұқсамаса да, олар бірге жаңа отбасылық ән жазбақ, деп жазады Stan.kz.




Бұл туралы әнші Әли Оқапов Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол анасы Роза Рымбаева және інісі Мәди Рымбаевпен бірге түскен суретін жариялады.

«Кемеден балға немесе ұшақтан студияға. Отбасылық ән», – деп жазды Оқапов.

Өз кезегінде желі қолданушылары өнерлі отбасының бұл жаңалығына қуанып, жаңа туындының сәтті шығуын тіледі.

«Қарапайым, жақсы, тәрбиелі әрі дарынды. Осы қалыптарыңыздан танбаңыздар», «Аңыз. Дана, мықты, есіміне дақ түсірмеген әйел. Осындай отандасым барына мақтанамын», «Керемет! Жаңа әндеріңіздің сәтті болуын тілеймін. Асыға күтеміз», «Абыройды ту еткен отбасы ғой. Абыройларыңыз асқақтай берсін!» – дейді пікір қалдырушылар.

Stan.kz

28 тамыз 2018 ж. 1 880 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930