Тәртіп күшеймей, қылмыс азаймайды
БҰҰ деректеріне сүйенсек, әлемде 200 млн адам есірткіні тұрақты түрде пайдаланады, жыл сайын 50 млн адам нашақорлық кесірінен көз жұмады екен. Бұл - осыдан 3 жыл бұрынғы дерек.
Жуырда аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомство аралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиында айтылған мәліметтер жаға ұстатады. Толығырақ тоқталсақ, жыл басынан бері есірткі бизнесінің 7 дерегі анықталып, барлығы 26 121 түп сора өсімдігі тәркіленген. Яғни, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда есірткі өсіру 3 есеге өскен. Әрине, бұл – қолға түскені, адам аяғы баспайтын қуыс-қолтықта сорасын суарып, мәпелеп отырғандар әлі де болуы мүмкін.
Жиында аудан әкімі тиісті басшылардың есебін тыңдады. Қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар жоқ емес бар, бірақ жеткіліксіз. Өңір басшысы, әсіресе, ауылдық округ әкімдерін қарауындағы жерде жұрттың қандай егін өсіріп жатқандығынан бейхабар болуын қатаң сынға алды. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді.
Біз енді қай ауылдарда “сора шаруашылығы дамып” тұрғандығын айтайық. Жыл басынан бері Жаңадария ауылдық округі аумағынан - 5, Аққыр ауылдық округінен - 1, Бұқарбай батыр ауылдық округінде 1 дерек тіркелген. Көш басындағы Жаңадария ауылдық округінен табылған есірткі алқаптарының 2-еуі яғни 16 300 түп орман қоры жерінен табылған. Ал, Аққыр ауылында 3800 түп, Бұқарбай батыр ауылында жеке тұрғын үй учаскесінен 2 түп егілгендігі анықталған.
Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жиын қорытындысында Жаңадария ауылдық округіне қарасты “Тасшоқы” учаскесіндегі жеке кәсіпкер М.Назаровқа табысталған 5635 гектар жер учаскесін толығымен мемлекет меншігіне қайтарып алу (есірткі алқаптары анықталуына байланысты) жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, есірткі бизнесінің алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттігіне баса назар аударды.
Айта кетейік, аудан көлемінде тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға көбейіп отыр. Оған есірткі бизнесі де өз үлесін қосып отырғандығы ақиқат.
Н.БОТАБАЙ.