» » Астанадағы атышулы перзентханада төртінші келіншек көз жұмды

Астанадағы атышулы перзентханада төртінші келіншек көз жұмды

Астанадағы №1 қалалық перинаталдық орталықта тағы да ана өлімі тіркелді. Мұнда 35 жастағы келіншек босанып жатқан кезінде көз жұмды. Ал нәресте аман. Бұл - жыл басынан бергі осы перзентханадағы төртінші ана өлімі деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.


Көрнекі фото: Halfpoint Shutterstock.com 


Бүгін-ертең шілдехана жасаймыз деп дайындалып отырған отбасы қазір қайғыдан қан жұтып отыр. Туыстарының айтуынша, бұған дейін екі баласын еш қиындықсыз босанған Әлфияның бұл жолғы жүктілігі де ауру-сырқаусыз өтіпті. Алайда, бәрі перзентханаға жатқанда басталған.  

"Ауруханаға барды, 4 күн жатты. 1-ші күні укол салады, 2-ші күні әні босанады, міне босанады деп. Тура 1 қыркүйекте қайтыс болды. Балам 1-ші сыныпқа барған кезде", - дейді марқұмның жұбайы Талғат Жолымбеков.

Ал перзентхананың астында күткен абысыны келінінің хәлі нашар екенін ешкім айтпады деп зар еңіреп отыр.

"Сағат 7-ден кейін не болғанын біз білмейміз. Сағат 9-да қайтыс болған. 2 сағаттың ішінде не істеді оған? Қиналып бара жатса кесіп алмайды ма баланы? Болмаса өзінің жанын алып қалмай ма?!", - дейді марқұм Ә.Спабекованың жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Бұл сұрақтарға жауап береді деген 1-ші перинаталдық орталықтың өкілдері де, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да тіс жармады.

Мәйітхана берген анықтамада өлімнің себебі "Шарананың айналасындағы сұйықтық эмболиясы" деп жазылған. Бұл алдын ала болжам ғана. Нақтысы тек зертханалық сараптамалар нәтижесінде белгілі болмақ.

nur.kz

 

04 қыркүйек 2018 ж. 531 1

Гость Jeaplause от 21 ақпан 2019 19:07
Le Viagra Marche Is 40 Mg Cialis Dangerous brand levitra online Generic Levitra Best Price For Otc Nexium

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031